Қордай кеден бекетінде 10 келіге жуық героинді алып өтпек болған қырғыз азаматы ұсталды. Шетелдік жеңіл автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықтың арқасүйер тұсына белгісіз заттың жасырылғаны белгілі болады. Іле-шала жүргізілген тінту кезінде қызметтік ит ақ түсті ұнтақ салынған полиэтилен қапшықтарды оп-оңай тауып берген. Сот сараптамалық орталығының қорытындысы бұл заттың героин екенін айғақтап отыр. Қолға түскен күдіктінің айтуынша, әлдебір азамат меншігіндегі автокөлікті шекарадан өткізіп беруді сұраған соң, бұл келісімін берген.
Бауыржан Көмекбаев, Облыстық кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары:
Осы бір аптаның ішінде Жамбыл облысы кеденшілер, Қордай кеден бекеті қызметкерлері 40 келіге жуық есірткі затын тәркіледі. Оның 37 келісі героин болса, з келісі гашиш есірткі заты болып табылады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ