Биылғы түрлі табиғи һәм техногендік апаттардың жалпы шығыны 2,07 триллион теңгеге жетті. Бұл туралы бүгiн Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрi Владимир Божко мәлiмдедi.
Министрлік басшысының айтуынша, алдын алу шараларына қарамастан, биылғы жылы Қазақстан аумағында 8254 төтенше жағдай болған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. Апаттардың метариалдық шығыны жоғарыда айтқанымыздай, 2 триллион теңгеден асқан. Төтенше жағдайдардың салдарынан 1829 адам жапа шегіп, 598 адам көз жұмған.
Брифинг барысында, министрге Қарағандыда маусым айында не себепті жер сілкінді деген сұрақ қойылды. Божко Қарағандыдағы зілзала 10 шақырым тереңдiкте және тектоникалық сипатта болған. Оның не себептен болғанын әзiрге айта алмаймын», - дейдi.
Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Маған Қарағандыда жер сiлкiнiсi болғаны туралы ақпарат жеткен кезде мен дереу өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қызметтерiн, Қарағанды Төтенше жағдайлар департаментін шахталарға жiбердiм. Мүмкiн шахталардың бiрiнде газ жарылды ма немесе басқа жағдай болды ма деген ой туындады. Маған бiрде-бiр шахтада ешқандай оқиғаның болмағаны хабарланған кезде мен бұған таңғалдым.