Мәжіліс депутаттары ауылдарды аралауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары ауылдарды аралауда

10.07.2014
Мәжіліс депутаттары ауылдарды аралауда

Кезекті демалысқа шыққан Парламент Мәжілісінің депутаттары ауылдарды аралауға кірісті. Ақтөбе облысынан сайланған Құралай Қарекен мен Глеб Щегельский Хромтау ауданына барды.

Шағын қалада қазір 7 үй терможаңғырту бағдарламасы аясында жөнделіп жатыр.

8 көше жарықтандырылып, су жүйесіне  күрделі жөндеу жүргізілді. 18 көшеге тасжол төселіп жатыр. 7 шақырымның дені бұрын қара жол болған. Қазір асфальт төселіп, абаттандыру жоспарлануда.

Еліміздегі моноқалалар қатарына енген Хромтаудағы бұл істердің жүзеге асуына республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Билік  оны толық игеріп, халық игілігін көруде. 

Аманкелді Ержанбаев, Хромтау қаласының тұрғыны:

Қар болғанда да, балшық болған уақытта да көшеде көлік жүре алмайтын еді. Балалар оқуға қатынай алмайтын. Қазір жөнделіп келе жатыр.

Құралай Қарекен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Халықпен кездесуде байқағанымыз, әлі де мәселелер бар. Үйлердің жертөлесін жөндеу, аулаларды абаттандыру, жол жайы. 2020 жылға дейін моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында бұл мәселе шешіледі. Биыл Қазақстан бойынша шағын қалаларды дамытуға 23 миллиард 700 миллион теңге қарастырылса, оның 1 миллиарды Хромтау қаласына берілген. Жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр.

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу