16 жыл ішінде Астананың экономикалық әлеуеті еселеп өсті. Сонымен қатар, қаланың мәдени ошақтары да көбейді. Театрлар көптеп салына бастады. Бұрын бар-жоғы 4-еу болса, қазір 7-еу.
1997 жылы небәрі 4 мұражай болатын, қазір екі есе артып, саны 8-ге жетті. Заманауи жабдықталған бұл мәдени орталықтар, елордалықтарды ғана емес, шетелдіктерді де таңғалдыруда. Саябақтар да салынып жатыр. 1997 жылы олардың саны 3-у болса, қазір - 9.