Ұлттық бренд – ұлт мақтанышы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық бренд – ұлт мақтанышы

04.07.2014
Ұлттық бренд – ұлт мақтанышы

«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы отандық тауар өндірушілердің тынысын кеңейтті. Өз шикізатымызды өзіміз өндіріп, өнімдеріміз «Қазақстанда жасалған» деген белгімен шыға бастады.

Яғни, ұлттық бренд қалыптасты. Астанада өткен қазақстандық қамту мәселелері жөніндегі форум-көрмеде еліміздің әр аймағынан келген отандық тауар өндірушілер бас қосты.  

Қарағандылық кәсіпкер Қадиша Тілеуханованы ұлттық дастархан мәзірінің һас шебері десе болады. Сиыр сүтінен ғана құрт-ірімшіктің 20-дан астам түрін жасап алып келді.

Кәсіпті биыл ғана бастаса да айына 30 тонна сүт өндіреді. Кәсіпкер ресми басқосулардағы фуршеттің ұлттық үлгісін ұсынып отыр. Сондай-ақ, ірімшіктен де мәмпәси жасауға болатынын айтады.

Қадиша Тілеуханова, кәсіпкер:

Көбірек қайнатсақ, қатып шоколад болады. Азырақ қайнатсақ, ирис кәмпиттері шығады. Бірақ, ешқандай қоспасы жоқ өте таза дүние.  Фуршетті ұлттық тұрғыда  жасасақ, әрі таза, әрі тойымды әрі әдемі.

«Ұлттық бренд-2014» форум-көрмесінің басты мақсаты - отандық тауар өндірушілерді бір-біріне жақындату, елге танымал ету. 2010-2013 жылдар аралығында қазақстандық қамтасыз ету 48 пайыздан 63 пайызға өсті. 2012 жылдан бері тапсырыс беруші мен өндірушілер арасында 100 миллиард теңгенің келісімшарттары жасалды.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

«Ұлттық бренд-2014» көрмесі автошерумен жалғасты. Бұл шеруге Қазақстанда құрастырылған 20-ға жуық арнайы техника қатысып отыр. Ал шеру елордамыз Астананың күніне арналды.

 

Өрт сөндіргіштер, автокрандар және басқа да ауыр жүк көліктері 6 шілдеде Алматыға жетеді.

Нұртай Байболатұлы, көлік жүргізуші:

Қазақстанда шығарылған машиналар тартылуы жақсы. Міне жолға шығамыз Астанадан Алматыға. Көреміз енді. Жол көрсетеді бәрін.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу