Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаровтың басшылығымен өткен алқалы жиында саланың ұйымдастыру-кадрлық мәселелері талқыланды.
Басқосуда жергілікті және басқа да сот судьяларының штат санын оңтайландыру қажеттілігі айтылды. Отырыс қорытындысында тиісті шешімдер қабылданып, ұсынымдар берілді.