Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі кеңесші органдардың жұмысы жанданып келеді. Президент жанындағы жастар кеңесінің мұрындық болуымен 2008 жылы 17 отырыс өтті.
Ал 2012 жылы кеңес жаңа жүйемен жұмыс атқара бастады. Әр өңірде қала және аудан әкімі орынбасарларының қатысуымен көшпелі жиындар өтті. Аймақтық кеңес әртүрлі топтағы жастарға семинар-тренингтер өткізу тәжірибесін енгізді.
Білім және ғылым министрлігі жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ұйымдастыруымен 2013 жылдан бастап 5 отырыс өтті. Оның құрамына 16 орталық мемлекеттік органның өкілдері және 10 үкіметтік емес жастар ұйымы кіреді.