Мемлекеттік органдардың жұмысы бақыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік органдардың жұмысы бақыланады

27.02.2018

Мемлекеттік органдардың жұмысын бақылайтын ортақ карта құрылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде айтылды. Жоба танымал әлеуметтік желілер аясында жұмыс істейді. Әр өңірде халықпен байланысуға арналған WhatsApp нөмір мен әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды. Кез келген мемлекеттік органға қатысты сауал, арыз-өтініштерді сонда жіберуге болады. Әр мәселеге қатысты жауап 10 күн ішінде берілуі тиіс, - дейді агенттік өкілдері. Сондай-ақ, телефонға «Qamqor» деп аталатын қосымшаны жүктеп алып, тиісті мекемеге хабарлама жолдауға болады. Жобаны таныстырған арнайы мониторинг тобының мүшелері бұл шаралар көпшілік біле бермейтін біраз түйткілдің бетін ашып, жемқорлықтың азаюына септігін тигізетініне сенеді. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу