Астана қаласында 18 адам тұрғын үйлерді арзан бағаға сатып алмақшы болып, ақшаларынан айырылған.
Алаяқтар оларды алдап, қаржыны талан-таражға салған.
Бұл туралы бүгін Астана қаласы прокуратурасында өткен жиында айтылды.
Осы жылдың 5 айында Астана қаласында 1 952 алаяқтық қылмыс жасалған. Арбауға түспес үшін бөтен адамның көмегіне жүгінерде сақтық танытқан жөн.
Айдын Раев, Астана қаласы прокуратурасының 2-ші басқарма бөлімінің бастығы:
Қылмыскерлер компьютерлік техникалар қолданатынын атап өткен жөн. Әсіресе, 21 жастан 50 жасқа дейінгі қылмыскерлер алаяқтық жолға түскені анықталды.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ