Астанада 18 адам тұрғын үй сатып алмақшы болып, ақшаларынан айырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 18 адам тұрғын үй сатып алмақшы болып, ақшаларынан айырылған

13.06.2014
Астанада 18 адам тұрғын үй сатып алмақшы болып, ақшаларынан айырылған

Нарық бағасынан төмен мүлік сатып аламын деп, алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз.

 
Астана қаласында 18 адам тұрғын үйлерді арзан бағаға сатып алмақшы болып, ақшаларынан айырылған.
 
Алаяқтар  оларды алдап, қаржыны талан-таражға салған.
 
Бұл туралы бүгін Астана қаласы прокуратурасында өткен жиында айтылды.
 
Осы жылдың 5 айында Астана қаласында 1 952 алаяқтық қылмыс жасалған. Арбауға түспес үшін бөтен адамның көмегіне жүгінерде сақтық танытқан жөн. 
 
Айдын Раев, Астана қаласы прокуратурасының 2-ші басқарма бөлімінің бастығы:
Қылмыскерлер  компьютерлік техникалар қолданатынын атап өткен жөн. Әсіресе, 21 жастан 50 жасқа дейінгі қылмыскерлер алаяқтық жолға түскені анықталды.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу