Астанада «Жастар үні» атты акция өтті

12.06.2014
Астанада «Жастар үні» атты акция өтті
Қала күні қарсаңында Астанада мерекелік іс-шаралардың легі басталды. Мәселен, кеше астаналық жастар студенттік саябақта бас қосты. Сөйтіп, «Жастар үні» атты ауқымды акция өткізді.
 
Оның аясында «Асық ату» сайысы ұйымдастырылды. Бұл, әсіресе, күнделікті компьютердегі атыс-шабыс ойындарына төселіп алған бүлдіршіндер үшін тосынсый болды.
 
Олар -мергендердің сайысында бақ сынап, асық атқан аға буынның ойынын қызықтады. Соңынан, концерттік бағдарламаны тамашалады.
 
Ерлан Еркін, қала тұрғыны:
Асық патииға қатысуын қатыстым. Бірақ, жеңілгенді жер көтереді, дейді. 1-ші турдан өте алмай қалдық. Айып етпейміз бірақ. Осындай шаралар көп болып тұрса, деген ниетіміз бар.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу