Қаржы полициясы биыл 5 мыңға жуық қылмыстың жолын кескен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы полициясы биыл 5 мыңға жуық қылмыстың жолын кескен

06.06.2014
Қаржы полициясы биыл 5 мыңға жуық қылмыстың жолын кескен
Қаржы полициясы соңғы 3 жылдың өзінде 20 мыңнан астам экономикалық қылмысты әшкереледі.
 
Жүздеген миллиард теңгені мемлекет қазынасына қайтарды. Биыл осы Қаржы полициясы агенттігінің құрылғанына - 20 жыл. Бүгін айтулы датаға орай, агенттік қабырғасында мерекелік жиын өтті.
 
Агенттік төрағасы Рашид Түсіпбековтің айтуынша, тек биылдың өзінде агенттік қызметкерлері 5 мыңға тарта қылмыстың жолын кескен.
 
Оның 65 пайызы - экономикалық, 21 пайызы - сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар. Бұдан бөлек, жоғары лауазым иелеріне қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық істер де қозғалды. Мұның барлығы Қаржы полицейлерінің табанды, әрі қырағы жұмысының жемісі,-деді ол.
 
Марат Ахметжанов, ҚР Қаржы полициясы агенттігі төрағасының орынбасары:
Миллиардтаған теңге еліміздің бюджетіне қайтарылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жылдан-жылға  шеңберін кеңейтіп, тек қана қылмыстың салдарын емес, оның алдын алуға, тоқтатуға қызмет ететін уәкілетті орган ретінде  үлесін қосып жатыр.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу