Қаржы полициясы органдарының құрылғанына - 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы полициясы органдарының құрылғанына - 20 жыл

06.06.2014
Қаржы полициясы органдарының құрылғанына - 20 жыл
Қаржы полициясы органдарының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияда салтанатты шара өтті.
 
Алматы қаласында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашуға қосқан үлесі үшін Қаржы полициясының 5 қызметкері әкімнің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Сонымен қоса, екі қызметкер Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бұйрығымен мерзімінен бұрын полковник шенін алды.
 
Департамент қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру және қозғалған қылмыстық істер бойынша соңғы 2 жылда мемлекетке өндірілген сома 6 миллиард  теңгеге жеткен.
 
Жақсылық Жақыбаев, Қалалық Қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қаржы полициясы органдары 1994 жылы 6 маусымда Үкіметтің Қаулысымен салық милициясы болған. Содан салық милициясының ішіндегі кішкентай басқармадан бүгінгі күні үлкен агенттікке айналып отыр.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу