Болашақ қаржы полицейлері сынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақ қаржы полицейлері сынға түсті

15.04.2014
Болашақ қаржы полицейлері сынға түсті
Биыл - Қазақстан Республикасы қаржы полициясының құрылғанына 20 жыл.  Осыған орай, Астанада еліміздің болашақ заңгерлері мен тәртіп сақшылары арасында көңілді тапқырлар клубының республикалық жарысы өтті.
 
Шарапатты шара Қаржы полициясы академиясының мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен мекемелік жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Ал, бірнеше құзырлы орган өкілдерінен құралған әділ қазылар алқасы мықтыларды анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.
 
Азат Бужеева, қаржы полициясы академиясының тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспекторы:
Осы сайысымыздың негізгі мақсаты -  жастарды отансүйгіштікке, сүйіспеншілікке, патриоттыққа баулу. Өзіміздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілін жоғарылату.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу