Орман және дала өрттерін сөндіру оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орман және дала өрттерін сөндіру оқу-жаттығуы өтті

05.06.2014
Орман және дала өрттерін сөндіру оқу-жаттығуы өтті
Бүгін Төтенше жағдайлар қызметі бас қаланы айнала қоршап жатқан орманды алқапта оқу-жаттығу өткізді. Жоспар бойынша демалуға келген бір топ кісі жаққан отты сөндірмей тастап кетеді. От құрғақ шөпке тиіп, одан өрт өршіп, орман жаққа қарай бет алады.
 
Оқиға орнына бірінші болып «Астана орманы» мекемесінің жұмыскерлері жетеді. Өрт ауа жайылмасы үшін, жақын маңдағы жерді аударып, су шаша бастайды. Іле кезекші өрт сөндіру бөлімі жетеді.
 
Өрт бой бермей бара жатқан соң, К-32 тікұшағы шақырылады. Ол арнайы сұйықтық шашып, өртті әп-сәтте ауыздықтайды. Айтып өтетін тағы бір дүние - оқу-жаттығуға – бұл жолы өрт сөндірушілерден бөлек, «Жасыл Аймақ» және «Астана су арнасы» секілді мекеме қызметкерлері де қатысты.
 
Мейрам Ысқақов, қалалық ТЖД басшысы:
Бүгінгі оқу-жаттығу – далалы, орманды алқаптарды өрттен сақтау үшін өткізілді. Өздеріңіз де білесіздер, жаз басталысымен қалалықтар далаға шығып, демалады. Сондай демалыстардың көбі, өкінішке қарай, үлкен өртпен аяқталып жатады. Елордалық өрт сөндіру қызметіне осы жаз басталғалы далалы, орманды аумақ өртеніп жатыр-деген 125 қоңырау шалынған. Түгелге жуығы дер кезінде сөндірілді. Бірақ, соның өзінде, Астана маңындағы отқа оранған аймақ 28 мың 247 гектарды құрап отыр.
 
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу