Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан айлықта жастар белсенді атсалысып, жер-жердегі көлдердің жағалауын тазартуда.
Олар балықтарға қойылған аулаларды, қоқыстарды жинап, арнайы машиналарға тиеді. Сонымен қатар, эколог мамандар жергілікті тұрғындарға табиғатты аялап ұстау керектігі жөнінде айтып, насихат жұмыстарын жүргізді.
Нариман Жүнісов, Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:
Бір ай бойы елімізде «Таза су айдыны» акциясы жүріп жатыр. Осы іс-шара аясында біраз су қоймаларының айналасы қоқыстан тазартылды. Бұл айлыққа жастар жағы белсенді араласып, қарқынды жұмыс жүргізілді. Шара маусым айының 5-не дейін жалғасады.
Ләззат БЕКТАС