Полицейге пара ұсынған директор ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейге пара ұсынған директор ұсталды

12.05.2014
Полицейге пара ұсынған директор ұсталды
  Маңғыстау облысындағы қаржы полициясы қызметкерлеріне пара ұсынған қан орталығының директоры қолға түсті. Ол өзі басқаратын мекемеге қатысты тексеру жүргізбеуді сұрап, полицейлерге 450 мың теңге көлемінде қаржы ұсынған.
 
Қылмыс үстінде  ұсталған басшының үстінен іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүруде.
 
Мэльс Ақылбаев, Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті тергеу бөлімінің басшысы:
Біздің қызметкерлермен жедел іс-шаралар жүргізіліп, азаматша ұсталды. Қылмысы дәлелденген жағдайда, орташа дәрежедегі қылмыс болғандықтан, 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
 
Жазира ӘБІЛ     

Хабарламаларға жазылу