Шымкентте кембағал жандар жұмыспен қамтылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте кембағал жандар жұмыспен қамтылуда

18.04.2014
Шымкентте кембағал жандар жұмыспен қамтылуда
Елбасы Жолдауына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты қамқорлық жасалып отыр. Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен құлағының мүкісі, тіл кемістігі бар азаматтар тұрақты жұмыс тапты.
 
Мәселен, кілем шығаратын «Бал Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне үш жігіт өңдеуші болып қабылданды. Зауыт басшылығы олардың он екі мүшесі сау азаматтармен тең дәрежеде еңбек етуіне барынша мүмкіндік жасап отыр.
 
Таңертең үйлерінен арнайы көлікпен тасымалдап, кешкісін жеткізіп тастайды. Сондай-ақ, бір мезгіл ыстық тамақ беру жағы да қарастырылған. Айына 40 мың теңгедей жалақы алады. 
 
Жомарт Керімшеев, «Бал Текстиль» ЖШС-ның атқарушы директоры: 
Жұмыстарын барынша жақсы атқаруға тырысады. Кілемді өңдеу, тоқу жұмыстарымен айналысады.
 
Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу