Астанада ардагерлер пленумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ардагерлер пленумы өтті

17.04.2014
Астанада ардагерлер пленумы өтті
«Қариясы бар ел - қазыналы ел». Бүгін Астанада Ардагерлер орталық кеңесінің төртінші отырысы өтті. Оған облыстық және қалалық ардегерлер комитетінің төрағалары мен Қазақстан жастар ұйымдарының басшылары, сондай-ақ, соғыс ардагерлері қатысты.
 
Мақсат - жастардың патриоттық сезімін арттыру жолында кешенді жұмыстар жүргізу. Осы орайда, ардагерлер қауымын жастар тәрбиесіне тарту, білім ошақтарында жастардың қариялармен кездесуін және мерекелік шараларды көптеп өткізу көзделіп отыр.  
 
Өмірзақ Озғанбаев, ҚР Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы
Пленумда қаралатын мәселе - жастар тәрбиесі. Бұл мәселеде біз Шығыс Қазақстан облысының үлгісін ұсынып отырмыз. Себебі Шығыс Қазақстан облысында жинақталған жақсы тәжірибе бар.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу