Қазаққа келін болған корей қызы

«Бірлігі жарасып, берекесі артқан көпұлтты еліміздің бейбітшілігіне жетер байлық жоқ». Семейлік Наталья Тегай осылай дейді. Корей қызы қазақ отбасының келіні.
Тағдыр тауқыметіне ұшыраған корейліктерді кезінде Қазақ елі құшақ жая қарсы алды. Бүгінде олардың әрқайсысы бейбіт мемлекеттің біте қайнасқан тұрғыны. Наталья Тегай қазақ жерінде туғанымен ата-анасы сол тарихи кезеңді бастан өткерген.
Бірақ, Қазақстанға келулерін тағдырдың сыйына балайды. Наталья қазақ отбасының келіні. Өзін өзге ұлттанмын деп санамай, бала-шағасының да санасына қазақылықты сіңіріп келеді.
Наталья Тегай, Семей қаласының тұрғыны:
Енді басқа салт-дәстүрді білмеймін. 20 жасымда тұрмыс құрдым. Содан бері мен ене мектебінің оқушы болып түстім. Енемнің арқасында нағыз қазақтың келіні болдым.
Бүгінде бір әулеттің берекесін арттырып отырған корей қызы туған- туыстың ортасында сыйлы. Қазақша сөйлеп, ұлттық дәстүрді де берік ұстанады.
Рахима Оспанова, Наталья Тегайдың енесі:
Әйел бала болса сырға салды. Еркек бала болса сүндетке отырғызды. Айт жасайды. Қазақтың салтын ұстанады. Жұма күні шелпек пісіреді. Осы алтын балам аман болсын!
Наталья Тегай, Семей қаласының тұрғыны:
Тағдырыма өте ризамын. Осы елге еңбек етуге мүмкіндік болғанына. Мақсатым - туған еліме, туған Отаныма еңбек етіп, жас ұрпақтың бақытты болуына үлес қосу.
Наталья Тегай - талай шәкіртті қанаттандырған ұстаз. Қала мектептерінің бірінде басшылық етеді. Әр баланы білімді, ел мен жерге адал етіп тәрбиелеуде күш-жігерін сарп етуге дайын.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамы әлемде бірінші
15.09.2025, 17:50

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Билет 23 қыркүйекте сатылады
15.09.2025, 17:47
Алматы облысында «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары басталды
15.09.2025, 17:44
Астанада «Әлемнің діни дәстүрлерінің баға жетпес қазыналары» атты көрме ашылды
15.09.2025, 17:36
Қырғызстанда мүфтилер алқасының кездесуі өтті
15.09.2025, 17:34
Астанада этножурналистика тақырыбында медиафорум өтіп жатыр
15.09.2025, 17:32
Петропавл жастары экология мәселесін талқылады
15.09.2025, 17:31
Атырауда штапель талшығын өндіретін зауыт іске қосылады
15.09.2025, 17:28