Астанада жол-көлік оқиғасының алдын алу шарасы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жол-көлік оқиғасының алдын алу шарасы жарияланды

01.04.2014
Астанада жол-көлік оқиғасының алдын алу шарасы жарияланды
«Назар аударыңыз, бағдаршам». Елордада осындай атаумен жол-көлік оқиғасының алдын-алу шарасы жарияланды.
 
Акция 1-30 сәуір аралығында өтпек. Ол үш кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңде жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер жауапқа тартылады. Ал екіншісі - балалардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алуға бағытталған.
 
Акцияның соңғы кезеңінде жол полициясы көлікті мас күйінде тізгіндеген азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізбек.
 
Айта кетейік, елімізде жыл басынан бері 1 мың 377 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 649-ы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған.
 
Бақытжан Алтыбай, қалалық ӘПБ бөлімінің аса маңызды істер бойынша аға инспекторы:
2014 жылдың 3 айы аралығында елордада 121 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 8 адам қаза тауып, 137 адам жарақаттанды.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу