Ақтөбеде қарттар үйіндегі зейнеткер бір бөлмеде жататын көршісін пышақтады. Арқасынан пышақ жарақатын алған 64 жастағы қарт сол жерде тіл тартпастан қайтыс болды.
Қылмыс жасаған 79 жастағы тұрғын уақытша тергеу изоляторында. Бір бөлмеде жататын қарттар екеуара сөзге келіп, жанжалдасқан. Ашу үстінде бірі екіншісіне қалтасындағы жиналмалы пышағын сұғып алыпты. Ақтөбедегі қарттар және мүгедектер интернат үйінде бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған.
Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 96-шы бабына сәйкес кісі өлімі фактісімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Әлия ТАЛАСОВА