Астанада УЕФА ұйымының кезекті 38-ші Конгресі өтiп жатыр. Оған УЕФА президентi Мишель Платини, ФИФА басшысы Йозеф Блаттер, ҚР Премьер-Министрі Серiк Ахметов, сонымен қатар, УЕФА ұйымына мүше мемлекеттердiң Футбол федерацияларының делегациясы қатысуда.
УЕФА-ға биыл - 60 жыл. Алқалы жиында осы жылдар аралығында жеткен жетістіктер мен алда атқарылар жұмыстар пысықталуда.
Серік Ахметов, ҚР Премьер-Министрі:
Бiз Сiздерге Қазақстанға қош келдiңiздер, деймiз. УЕФА Конгресi ТМД елдерi арасында алғаш рет Қазақстанда өткiзiлуде. Бұл шешiм Қазақстанның ФИФА ұйымына жақында ғана қосылуына қарамастан жасалды. Бұл - бiз үшiн үлкен мәртебе.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ