Қарулы Күштердің дайындығы пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарулы Күштердің дайындығы пысықталды

19.03.2014
Қарулы Күштердің дайындығы пысықталды

Еліміздің әскери қорғанысы қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге төтеп беруге дайын болуы керек. Осы мақсатта бүгін Жамбыл облысында  «Оңтүстік» өңірлік әскерлері соғыс даласындағы шынайы ұрысқа барынша сәйкестендірілген оқу-жаттығулар өткізді.

 
Таулы аймақтарда әрекет етуге машықтанған атқыштар бригадасы мен альпинизм әдістерін шебер меңгерген тау қорықшылары бөлімшесі  дайындықтарын пысықтады.
 
Бұл жолғы жаттығу жиыны  еліміздің Қарулы Күштері Жоғары Бас қолбасшысының әскерилердің жауынгерлік дайындық қарқынын күшейту, оқу-үйрену процесін жаңа мазмұнмен толықтыру туралы нұсқауы негізінде ұйымдастырылып отыр.
 
«Теріс-Ащыбұлақ» полигонында орналасқан тау қорықшылары бөлімшесі ешбір техника жүре алмайтын тау тастың арасында әрекет ететін жасақ.
 
Бөлімше сарбаздары арнаулы құралдарды пайдалана отырып, биік жартастарға шығып, түрлі кедергілерді жеңе білуге машықтанған. Олар жаттығу барысында таудағы терең аңғарлы өзендерден арқан арқылы арғы жағалауға өту тәсілдерін көрсетті.
 
Сондай-ақ, үйретілген аттар бүгінде жауынгерлердің сенімді серігіне айналған. Олар атыс-шабыстан мүлдем үрікпей, бұйрықты бұлжытпай орындайтын деңгейге жеткен.
 
Бегімбет Тәжібаев, тау қорықшылары сарбаздарын оқыту орталығының басшысы:
Мұндай жаттығу сарбаздарға өз-өзіне сенімділік, екінші кезекте қасындағы жолдастарын қорғауға үйретеді. Өйткені, бір сарбаз қалған сарбаздардың өміріне жауапты.
 
Тауда әрекет ететін атқыштар бригадасы да бүгінде Қарулы Күштеріміздің сапындағы ерекше құрама. Кейінгі кездері ұрыс тәсілдеріне енгізілген тың жаңалықтың бірі құрлық әскерлеріне тікұшақ арқылы әуеден қолдау көрсету.
 
Бұл атқыштарды заманауи байланыс құралдары арқылы жау шебінің нақты қай жерде орналасқанына бағыттап отырады.
 
Қуанышбек Үштаев, №5 таудағы атқыштар бригадасының командирі:
Әуе күштерінің келе жатқан колонналарға жоғарыдан және кейбір жерлерде тығылып шабуыл жасауға мүмкіндіктері болады. Оларды ерте барлап, талдауға, әдістер қолданылады.
 
Әскери взводтардың дайындығын сараптан өткізіп, қорытындысы жасалған соң жаттығу мұнан әрі қарай күрделене түспек.
 
Ендігі жерде сарбаздардың рота және батальон құрамында бірлесіп іс қимыл жасау әдістері пысықталады.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу