Қарағанды облысы Қарқаралы өңіріне қарасты Егіндібұлақ ауылында ет, нан өнімдерін шығаратын жаңа цех ашылды.
Жалпы, аудан бойынша шағын және орта бизнесті дамыту аясында кешенді шаралар қолға алынып, 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс орнын ашу үшін жергілікті кәсіпкер 15 миллион теңге қаржы жұмсаған.
Заманауи құрал-жабдықтар орнатылған цехта күніне 1 тонна жартылай дайындалған ет және 500 келіден астам нан өнімдері өндіріледі. Онда 15 адам жұмыс істейді.
«Енді өнім өндіру көлемін ұлғайтып, тағы қосымша жұмыс орындарын ашпақпыз», дейді кәсіпкер.
Айман Елеусізова, кәсіпкер:
Бізге, жеке кәсіпкерлерге жасап жатқан жеңілдіктерге көңіліміз толады. Осындай жеке кәсіптер ашылып жатса, ауылымызға көп көмек болатыны сөзсіз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ