Құтқарушылар қан тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құтқарушылар қан тапсырды

13.03.2014
Құтқарушылар қан тапсырды
Қарағандыда құтқарушылар қан тапсырды. Жыл сайын облыстық қан орталығының қорын толтыру үшін Төтенше жағдайлар департаментінің барлық бөлім қызметкерлері белсенділік танытады. Орталық штаб ұжымы, өрт сөндіру, жедел және суда құтқару жасағының мамандары бар, барлығы 100-ге тарта адам акцияға қатысты.
 
Жалпы қан тапсыру тек біреуге донор болумен ғана шектелмейді. Қазір өзіңе-өзің сақтық жасап, қан тапсырып қоюыңа да болады. Медицинасы көш ілгері елдердің көпшілігінде осындай сақтандыру жүйесі тәжірибеге енгізілген. 
 
Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД басшының орынбасары:
Біздің құтқарушылар төтенше жағдай болған кезде ең бірінші оқиға болған жерге барып, зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде, қан, басқа да көмек керектігін бірінші көреді, бұл проблемаларды олар басқа адамдарға қарағанда жақсы біледі деп ойлаймын.
 
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу