Қызылжарда көктем шуағы төгіліп тұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда көктем шуағы төгіліп тұрды

08.03.2014
Қызылжарда көктем шуағы төгіліп тұрды
 
Көктемнің ең алғашқы шуақты мейрамын қызылжарлықтар да көтеріңкі көңіл күймен атап өтті. Қаланың орталығында көркемөнерпаздар абзал аналарға, барша аруларға арнап жырдан шашу шашты.
 
Мерекелік көңіл-күй Қызылжарда бірден аңғарылады. Алаңға келген қыз-келіншектерге жастар жағы қызғалдақ үлестірді. Бұдан соң сахна көрігін қыздырған әншілер ең әуезді, ең әсерлі әндерді шырқады.
 
Тойшылап келген халайық түнде ғана жауған көбік қардың үстінде би билеп, думанға әр бере түсті. Осылайша теріскейліктер аналардың арда мерекесін, барынша сән-салтанатқа бөлеп ойын-сауықпен атап өтті.
 
Тимур Айтқожин, «Арт-Думан» тобының көркемдік жетекшісі:
«Жердің көркі - гүл, елдің көркі – қыз» демекші бүгін аяулы аналарымызды, аруларымызды, жеңгелереімізді, апаларымызды 8 наурыз Әйелдер күнімен, көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін өнерпаздар атынан құттықтап, мерекелік концерт ұйымдастырып отырмыз. Ана деген бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді дейді. Біздің аналарымыз әрдайым гүлдей құлпырып жүре берсін. Біз құрметтеп өтейік, жұмақтың кілті ананың табанының астында демекші, аналарымыз мәңгі жасай берсін, мереке құтты болсын.
 
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу