«Көктем шуағы» арнайы хабарын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көктем шуағы» арнайы хабарын көріңіз

06.03.2015
«Көктем шуағы» арнайы хабарын көріңіз

Басқосу барысында Мемлекет басшысы әйелдерді төл мерекелерімен құттықтап, «мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі - әйелдердің әл-ауқатын жақсарту» екенін атап өтті.

Ал, кездесуге қатысушылар өз кезегінде Мемлекет басшысына ана мен балаға қамқорлық жасауға, отбасылық құндылықтарды нығайту бағытында жүргізіп отырған саясаты үшін алғыстарын айтты.

Сонымен қатар, халықтың және әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды әрі қарай жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

Елбасының қатысуымен өткен шараны бүгін 21.30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу