Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов алматылық аналар мен аруларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Бүгінде әсем қаланың қарыштап дамуында әйелдердің рөлі өлшеусіз. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау салаларындағы еңбегі қомақты.
Зейнеткерлікке шықса да өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп жүрген қоғам қайраткерлері қаншама. Бастысы қай салада қызмет етпесін сол саланың көркеюіне жанын беріп, құрметке бөленуде.
Осындай ыстық ықыласқа толы құттықтаулардан кейін әйелдер қауымы бір шаттанды. Әуезді әнмен өріліп, әсем бимен көмкерілген салтанатты кешті тамашалады.
Жанар Тастемірқызы, ҚР Ішкі әскерлері №7552 әскери бөлімінің қызметшісі:
Біз осы ішкі әскерде қызмет еткеннен кейін Отан қорғауға, ел тыныштығын күзетуғе ерлермен иық тірестіре үлесімізді қосамыз. Қазақ халқы әйелдерін мерекемен құттықтаймын. Ерлерге алғысымызды білдіріп, ел-жұрт аман болсын деп тілеймін.
Айгүл ЕРМАХАН