Атырауда мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 15 мекеме 100-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.
Бұдан бөлек, жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашқысы келетіндерге кеңес берілді.
Сондай-ақ, әлеуметтік, ақылы қоғамдық бос жұмыс орындары, кәсіби оқыту және қайта даярлау курстары ұсынылды. Биыл Атырау қаласында мұндай жәрмеңке екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Екі жәрмеңкеге барлығы 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан өтініш білдіре келген.
Ұлан Төлетаев, I топтағы мүгедек:
Жоғары білімім бар. Бірақ, осы уақытқа дейін жұмыс табу қиын болды. Енді осы жәрмеңкеден үлкен үміт күтеміз. Құжаттарымызды алды. Жұмыс ұсынса, бірталай көмек болар еді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ