Қазақстанның Еңбек Ері Ю.Пя туған жеріне келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Еңбек Ері Ю.Пя туған жеріне келді

03.03.2014
Қазақстанның Еңбек Ері Ю.Пя туған жеріне келді

Ұлттық Ғылыми Кардиохирургиялық орталығы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя туған жері - Сыр еліне келді. Қармақшы ауданы, 3-ші интернационал ауылына атбасын тіреп, ел жұртшылығымен кездесті.
 
 Ел мақтанышына айналған азамат туған жерге деген жылы лебізін білдірді. «Еңбек - бақыт пен байлықтың қайнар көзі» екенін тілге тиек ете отырып,   Елбасы Жолдауында басымдық берілген мәселелерді бірге талқылады. Одан кейін Юрий Пя өзі тұрған үйге бас сұқты.
 
Юрий Пя, Қазақстанның Еңбек Ері:
Менің ата-анам мені осы қасиетті топырақта дүниеге әкелді. Осында өстім. Қазақ халқы қай кезде де қонақжай болған, ата-бабам жер ауып келгенде оларға да ерекше қамқорлық танытып, бауырына басты. Мен бүгін ерекше толқып тұрмын. Біраз уақыт туған жерден жырақ болдым. Бірақ, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынас жасауға тырысамын.
 
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу