«Отансүйгіштік пен ұлтжандылық - әрбір азаматқа ауадай қажет қасиет. Адам бойына мұндай сезім орнықпаса, өз халқының текті ұл-қызы болу мүмкін емес.
Жастар тәрбиесінде ең алдымен осы мәселелер тұруы керек», дейді жоба авторлары.
Бұл бастаманы Білім беру, Мәдениет, Тілдерді дамыту басқармалары да құптады. Алдағы уақытта мұндай тәрбие мектептерін әр ауданда ашу көзделіп отыр.
Қымбат Исманова, ардагер ұстаз:
Тек тәуелсіз ел ғана мәңгілік бола алады. Сол тәуелсіздігімізді нығайтатын, көркейтетін, тамырын тереңдететін әрине, жастар. Сондықтан, жастардың тәрбиелі болғаны қажет.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ