Жалған ақпарат таратып, 20 тәулікке қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған ақпарат таратып, 20 тәулікке қамалды

22.02.2014
Жалған ақпарат таратып, 20 тәулікке қамалды
 
Алматы қалалық прокуратурасы банктер төңірегінде дүрбелең туғызған тұлғалардың кім екенін анықтады. «Қаржы инститтуттары банкрот болады», деп хабар таратқандар «Signum» заң компаниясы» ЖШС-ның меншік иесі Әбілхайыр Нақыпов және осы компанияның қызметкерлері Виктория Трофимович пен Әйгерім Адасбаевалар болып шықты.
 
Олар «БанкЦентрКредит» АҚ-на қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты осы банктің бұрынғы қызметкері Дархан Сәбденовтан алған екен.
 
1984 жылы туған Сәбденовке қатысты кеше Алматы қалалық прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды.

Хабарламаларға жазылу