Партиялық бақылау күшейе түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партиялық бақылау күшейе түседі

21.02.2014
Партиялық бақылау күшейе түседі
 
«Нұр Отанның» Доктринасы Жамбыл облысында да талқыға салынды. Этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері құжаттың қарым-қатынастарды нығайту саласына арналған тұстарын іске асырудың жолдарын тілге тиек етті.
 
Ал Бауыржан Байбек партияның Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XIII конференциясына қатысып, алда тұрған міндеттер мен атқарылар істер жайын сөз етті. 
 
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Тек қана өткен жылдың ішінде партиямызға 800 мыңнан астам адам жеке мәселемен келген. Соның 130 мыңын біз бақылауға алдық. Біздің негізгі мақсатымыз - бағдарламалардың нәтижелі орындалуы, қаржының игерілуі, халықтың мәселесін шешу. Сол себептен «Нұр Отан» партиясы қоғамдық партиялық бақылауды депутаттар арқылы күшейтетін болады.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу