Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту, ұлттық ғылыми кеңестер қызметін жетілдіру, ғылыми мамандар даярлау жүйесін жақсарту да ғылым саласын дамытудың негізгі тетіктері екендігін қадап айтты.
Сондай-ақ, бүгін Сенат депутаттары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ядролық физика және инженерлік зертханасын аралады. Мақсат - аталған жоғары оқу орнында ғылымның дамуы мен білім саласында жеткен жетістіктерімен танысу.
Ақан Бижанов,ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы:
Біз бірнеше университтің ғылыми жетістіктерін көрдік. Ғалымдардың айтып жатқан мәселелері бір. Ғылыми жұмыстар жасалуда, бірақ, олардың өндіріске енгізілуі, қолданылуы жағынан аздап кедергілер бар екендігін айтуда.
Айдана ҮСЕНБАЙ