Қаржылық қылмыстар азаймай тұр

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қысқарады деген ақпарат та шындыққа жанаспайды. Бұл туралы осы агенттік төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин хабарлады.
Жалпы, былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар түрлі деңгейдегі 200-ге жуық лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы, білім және ғылым экс-вице-министрлері мен Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі бар, деді Андрей Лукин.
Агенттік өкілі пара алу фактісі азайғанымен, пара беру жағдайы тыйылмай отырғанын жеткізді. Тіпті қазір кейбір шенеуніктер пара ұсынушылардың үстінен шағымдана бастаған.
Сондай-ақ соңғы екі жылда кәсіпкерлерді тексеру 5 есеге азайыпты. Керісінше, қаржы полицейлері бизнеспен айналысуға бөгет болатын жайттарға тосқауыл қоюға күшін салуда.
Андрей Лукин, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында 300-ден аса сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды. Бұл саладағы қылмыс үш есеге, яғни 106-дан 321-ге дейін артты. Ал келтірілген залал алты миллиард теңгенің үстіне шығып кетті. Өткен жылы ұйымдасқан қылмыстық топтар құру және оларға басшылық етудің алты фактісі анықталды. 2012 жылы мұндай қылмыстар мүлдем тіркелмеген.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38

Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
VIII съезд жұмысын халықаралық делегаттар жоғары бағалады
18.09.2025, 20:01
Дін адамзатты біріктіру құралы ретінде пайдаланылуы тиіс
18.09.2025, 19:58
Алатау қаласы тұрғындарға жайлы өмір сыйлайды
18.09.2025, 19:56
Президент «Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті
18.09.2025, 19:53