Қағазбастылық азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қағазбастылық азаймай тұр

17.10.2018

Мемлекеттік қызметті дұрыс көрсетпеудің ең көп фактісі үш министрлікке тиесілі. Олар Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрліктері. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері хабарлады.  Қызмет көрсету сапасын арттыру жайы «Нұр Отан» партиясында талқыланды.  Атап айтсақ, жыл басынан бері Ішкі істер органдарында құжатты уақытылы бермеу немесе артық құжаттар тізбесін жинау бойынша 5700-ден астам дерек тіркелген.  Денсаулық сақтау саласындағы мекемелерде де артық  қағазбастылық бойынша 2 мыңнан астам факті тіркелген. Олардың қорытындысы бойынша, лауазымды тұлғалар әкімшілік жазаға тартылған. 

Эльдар Үйсімбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

- Бүгінге дейін 301 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл істерден қазынаға 10 миллион теңгеден астам қаржы түсті. Жауапкершілікке биылдың өзінде 140-тан астам адам тартылды. Оның ішінде қала, аудан, ауыл әкімдері мен республикалық деңгейдегі лауазымды басшылар да бар.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу