Нан бағасы қымбаттамайды. Бұл тіпті құжат бойынша бекіді. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктері, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компания арасында ұн бағасын тұрақтандыру жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
Құжат шеңберінде азық-түлік келісімшарт корпорациясы ресурсынан 500 мың тонна арзандатылған бидай бөлінбек.
Мұрат Далабаев, Астана қаласы Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:
Біз дүкендермен, тіпті ірі сауда орталықтарымен келісімге келдік. Олар нан бағасын көтермейді. Ал белгіленген бағадан артық сатқан кәсіпкерлер анықталса, оларға ірі көлемде айыппұл салынады.