Павлодарда қант қоры таусылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда қант қоры таусылды

19.02.2014
Павлодарда қант қоры таусылды
Өскеменде қант қарбаласы басталды. Павлодарда да қант қоры таусылды. Ал, жергілікті билік тауар бағасы шарықтап кетпеуі үшін «Облыстық азық-түлікті тұрақтандыру қорынан» әлеуметтік дүкендерге қантты екі қаптан ғана беріп жатыр.
 
Бұған дейін қантты көтерме бағамен сатып келген сауда орындары кешелі бері жабық. Өйткені, ондағы қант қоры соңғы бір апта ішінде сатылып кеткен. Жаңадан келетін тауар бағасы қандай болатыны әзірге белгісіз. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті мамандарының мәліметіне қарағанда, әзірге қант бағасын қымбаттатпай ұстап тұруға болады. Бірақ қолдағы бар қанттың қоры қанша уақытқа жетеді, мөлшері қандай? Ол жағын шенеуніктер жария қылған жоқ. Облыстық Монополияға қарсы инспекциясы басшысының орынбасары Павел Боданиннің айтуынша, қалыптасқан жағдайға қатысты тексеру жүріп жатыр.
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу