Семейдің сауда орындарындағы баға тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдің сауда орындарындағы баға тұрақты

13.02.2014
Семейдің сауда орындарындағы баға тұрақты
Семейдегі сауда орындарында бағаны тұрақтандыру үшін арнайы штаб құрылды. Әкімшілік өкілдерінен құралған топ күнделікті қаладағы азық-түлік дүкендеріне, базарларға, дәріханалар мен жанармай станцияларына тексеру жүргізіп отырады.
 
Доллар бағамының өсуін пайдаланып негізсіз қолдан қымбатшылық жасап, пайда таппақ болғандар анықталса, жауапқа тартылмақ. Әзірге қала бойынша жүргізіліп жатқан рейдтік шаралар барысында бағаның өсуі байқалған жоқ.
 
Әмина Сыздықова, кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі:
Әзірге, бағаның көтерілгендігі байқалмайды. Сатушылармен, сауда орындарының, дәріханалардың басшыларымен кездестік. Бағаларды көріп шықтық. Арнайы құрылған штаб алда үздіксіз бақылап отырады.
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу