Кәсіпкерді өлтіргендер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерді өлтіргендер ұсталды

08.02.2014
Кәсіпкерді өлтіргендер ұсталды
Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қыздарды порнографиялық суреттерге түсірген шетелдік қолға түсті.
 
Ұстау кезінде ол ноутбук пен электронды таратушы құралдарды жоюға тырысқан. Кейін қалалық сот тәртіп сақшыларының әрекетін заңсыз деп тауып, қонақ үйден табылған дәйекті айғақтар негізсіз деген шешім шығарды. Алайда прокуратураның наразылығы бойынша аталған шешімнің күші жойылып, Питер Барух қамауға алынды. Оны ҚР Қылмыстық Кодексінің 124-ші бабы, балаларға азғындық жасау қылмысы бойынша жауапқа тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ бір ай бұрын белгілі кәсіпкер Виталий Каркуланы атып өлтіріп, оның әйелі, облыстық мәслихаттың депутаты Валентина Каркуланы соққыға жыққандар да қолға түскен.
 
Халидолла Дәуешев, облыс прокурорының орынбасары:
1985 және 1978 жылы туылған екі азамат ұсталды. Қазіргі уақытта аталған азаматтар өз кінәларын мойындау туралы жауап беруде. Ұсталған азаматтардың біреуінің автокөлігінде қылмыс құралы табылды.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу