Лаңкестік топқа қаражат аударғандар қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лаңкестік топқа қаражат аударғандар қолға түсті

04.02.2014
Лаңкестік топқа қаражат аударғандар қолға түсті
Қазақстандық төрт азаматқа  лаңкестік топты қаржыландырды деген айып тағылды. Қаржы полициясы ресми өкілінің хабарлауынша, қарағандылық үш азамат соңғы екі жыл бойы шетелдегі террористік топқа ақша аударып отырған.
 
Бүгінге дейін олар жалпы сомасы  600 мыңнан астам теңгені шетел асырған. Ал атыраулық тағы бір азамат халықаралық террористік ұйымды қаржыландырып келген. Ол банк арқылы теріс пиғылды жандардың шотына 2 мың АҚШ долларын салған. Қазір аталған қылмыстық істер тергелу үстінде.
 
Мұрат Жұманбай, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі:
2013 жылы Қаржы полициясы органдары діни ағымдардың өкілдеріне және олармен сыбайлас тұлғаларға қатысты экономикалық және қаржылық қылмыстарды жасау фактілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғады. Олардың 50-і қарау үшін сотқа жолданды.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу