«Birgemiz» қорынан мұқтаж жандарға ақша аударыла бастады

09.04.2020

Сіздің есебіңізге 50 мың теңге түсті! Осындай қуанышты хабарламаны әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын қазақстандық отбасылар алып жатыр. Ақша азаматтарға «Birgemiz» қорынан аударылады. Қордың төрағасы Руслан Сакеевтің сөзінше, бүгінде 50 мың теңгені 50 мыңнан аса адам алып үлгерді. Қаржылық қолдау жалпы 150 мыңнан аса азаматқа көрсетілмек. Қазірдің өзінде 7,6 миллиард теңге қаражат аймақтық қорлардың есебіне түскен. Артынша, ақша көмекке мұқтаж жандардың есеп-шотына аударылады. Аталған көмек еліміздегі 23 қаланың тұрғындарына төленеді. Олардың барлығы әлеуметтік аз қамтылған жандар. Бұл игі іс Елбасының бастамасымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен жүзеге асып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу