Павлодарлық тұрғын өзін Қаржы полициясы тергеушісімін, деп таныстырып, кәсіпкерлерді бопсалаған. Тіпті, қарызға берген ақшасын қайтарып ала-алмай жүрген адамдарға құқық қорғау органы өкілі ретінде делдалдық көмек көрсеткен.
Мына бейнетаспа алаяқты ұстау кезінде түсірілді. Ол Павлодар қаласының тұрғынына әкеңнен қалған мұраға заңсыз иелік еттің,-деп айып тағады. Қаржы полициясына туыстарынан арыз түскенін мәлімдейді.
Осылайша қорқытып алып, қылмыстық істі жабу үшін ақша сұрайды. 1982 жылы туған жас жігіттен мұндай әрекетті күтпеген жәбірленуші Қаржы полициясына келіп, шағым жазған.
Самал Ахмедиянова, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Саменов еш жерде жұмыс істемейді. Ол Қаржы полициясы тергеушісінің жалған куәлігін жасап алған. Азаматшадан 1 миллион теңге талап етіп, соның 200 мың теңгесін алып жатқан кезде ұсталды.
Болат АМАНБАЕВ