Әуе арқылы жүк тасымалдау мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе арқылы жүк тасымалдау мәселесі қаралды

29.01.2014
Әуе арқылы жүк тасымалдау мәселесі қаралды
Еліміз - географиялық ыңғайлы жерде орналасқан. Шығыс пен Батысты жалғап жатқан теміржолдарымыз бар. Алайда, барды місе тұтып, тоқтап қалуға әсте болмайды.
 
Жер кіндігінде жатыр екенбіз, олай болса, осы географиялық ыңғайлылық экономикаға жұмыс істеуі керек. Ол үшін, әуежайларымызды кеңейтіп, шетелдік ұшақтар жолай бізге қонып, бізден ұшатындай ету қажет. Теміржолмен жүктерін тасуы үшін, құжат толтыру ісін жеңілдету керек.
 
Бүгін «Қазақстан темір жолы» мекемесінде өткен халықаралық жиында осы мәселелер сөз болды. Басқосуда негізінен әуе тасымалының мүмкіндігін арттыру жайы қозғалды.
 
Форум қатысушылары - бұл салада нендей мәселе бар, отандық әуе паркінің жүк тасымалдау мүмкіндігі қандай, әуе транзитіне не кедергі деген сұрақтарға жауап іздеді.
 
Ерхат Ысқалиев, «KazLogistics» Қазақстанның тасымалдаушылар одағы бас директоры:
Шараның мақсаты - Қазақстанның әуемен жүк тасымалдау саласындағы өзекті жайларды талқылау, республикада әуемен жүк тасымалдау «хаб»-ын дамыту, еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға кедергі келтіретін өзекті мәселелерді шешу жолын қарастыру. Мұнан бөдек, отандық бизнес қауымдастыққа әуемен жүк тасымалдау үшін электрондық құжат рәсімдеу қалай жүргізілетінін көрсету де көзделді.

Хабарламаларға жазылу