АҚШ Қазақстанның портын пайдаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Қазақстанның портын пайдаланады

07.03.2018

Президенттің әлеуметтік бастамалары сапалы заңмен қамтамасыз етілуі тиіс. Алда қызу жұмыс күтіп тұр. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Президенттің бастамасы әлеуметтің әлеуетін арттыруға оң әсер ететінін айтты. Төменгі палата бүгін жалпы отырыста бірнеше құжатты ратификациялады. Еліміз Ауғанстандағы тұрақтылықты қайта қалпына келтіру үшін Америка Құрама Штаттарын өз аумағымызда теміржол транзитімен қамтамасыз етпек. АҚШ Ауғанстанға жүк тасымалдау үшін Қазақстанның порттарын пайдаланады. Жалпы, Қазақстан мен АҚШ үкіметі арасында Қазақстан аумағы арқылы теміржол транзиті, жүк пен персоналды әуе транзиті туралы келісімге 2010 жылы қол қойылған болатын. Енді америкалық тарап бұл келісімге Ақтау және Құрық порттарын енгізуді ұсынды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу