Алматыда қоғамдық көлік мәселесі шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоғамдық көлік мәселесі шешімін тапты

29.01.2014
Алматыда қоғамдық көлік мәселесі шешімін тапты

Алматыда қоғамдық көлік мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Жергілікті билік былтыр қоғамдық көлікті дамытуға ден қойып, нәтижесінде газбен жүретін 200 автобус пен 200 такси, 17 трамвай, 195 троллейбус пен таулы бағытқа қатынайтын 10 автобус алынды.

 
Жекеменшік тасымалдаушылар да қарап қалған жоқ. Өз қаржыларының есебінен 163 автобус сатып алған. Жүйелі жүргізілген жұмысқа сай қаланың жылжымалы көлік құрамы 35,6 пайызға жаңарды. Жаңа қоғамдық көліктерді күтіп, баптайтын муниципалдық орталықтардың да қатары артты.
 
Қазір шаһар бойынша №2 муниципалды парктің құрылысы жүргізілуде. Парктер іргесінен көлік жүргізушілерінің қызмет мәдениетін арттыратын оқу ордасы ашылмақ. Қарқынды жұмыстың есебінен қоғамдық көлікке деген сұраныс арта түскен.  
 
Талғат Әбдірахманов, Алматы қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:
Француздық «Икси» компаниясы электронды билет бойынша жұмыстарын атқарып жатыр. Амандық болса осы бірінші тоқсанның аяғында жұмысын бітіреді деп жоспарлап отырмыз.  Автобустардың жылдамдық сақтамауы, қалай болса солай жүруі, тоқтауы бойынша бізде проблема бар. Электронды билетке өткен кезде жолаушылардың автобустың артынан жүгіруі тоқталады.
 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу