Жамбыл облысының кеденшілері Қырғыз Республикасының азаматын ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысының кеденшілері Қырғыз Республикасының азаматын ұстады

28.01.2014
Жамбыл облысының кеденшілері Қырғыз Республикасының азаматын ұстады
Жамбыл облысының кеденшілері 3 келі героинді шекара асырмақ болған Қырғыз Республикасының азаматын ұстады. 22 жастағы жігітті алғашында жалдамалы жұмысшылар жиналатын жерден өзі танымайтын азаматтар алып кетіп, тамақтандырып, киіндіріген.
 
Сөйтіп, ақ ұнтақ салынған полиэтилен қапшықты беліне орап беріп, Меркі ауданына жеткізуді тапсырады. Тасымалдаушының күдігін тудырмас үшін тауардың өкпе ауруына қарсы дәрі-дәрмек екенін айтқан.
 
Шетел азаматының денесіне жасырылған есірткі затын «Сыпатай» кеден бекеті аумағында жүргізілген тексеріс кезінде иісшіл ит тауып алды. Тергеу барысында қолға түскен жігіттің балалар үйінің тәрбиеленушісі екені анықталды. Ол бұған дейін де есірткі тасымалы үшін істі болып, жазаға іліккен екен.
 
Бауыржан Көмекбаев, Жамбыл облысы Кедендік бақылау департаменті 
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 259 және 250 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда Меркі аудандық прокуратурасы арқылы Жамбыл облысы Ішкі істер департаментіне тергеуге берілді.
 
 Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу