Өтембаевқа қатысты сот процесі кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өтембаевқа қатысты сот процесі кейінге шегерілді

22.01.2014
Өтембаевқа қатысты сот процесі кейінге шегерілді
 
Қаскелең қаласында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Асқарбек Бейімбетовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының бұрынғы аппарат басшысы Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауын бастады.
 
Тыңдау барысында зардап шеккен тарап сот процесінің уақытын шегеруге қатысты өтініш жолдады. Себебі сот талқылауының алдында ғана олардың заңгерлері ауысқан және сот ісімен толық танысуға біршама уақыт қажет болған.
 
Сот аталмыш өтінішті қанағаттандырды және 2014 жылдың 27 қаңтарына дейін үзіліс жариялады.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен Алматы облыстық сотының 2006 жылғы 31 тамыздағы Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне байланысты үкімнің, Е.Өтембаевқа қатысты, ҚР Қылмыстық Кодексі 28-бабының 4-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігі «з» тармағымен айыптау бөлігі бұзылып, жаңа сот қарауына жолданған еді.

Хабарламаларға жазылу