Оқушылар таза ауада тынықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар таза ауада тынықты

11.01.2014
Оқушылар таза ауада тынықты

Шынықсаң, шымыр боласың! Бұл - Алматы облысына қарасты Тау-Түрген ауылының ұстанымы. Алға қойған мақсатқа жету үшін ауыл ұжымы жылда Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде спорттық шаралар ұйымдастырады. Биыл да солай. Таза ауада тыныстап, жаңа жылға жоспарланған жұмыстарға білек сыбана кірісіп кетеді.

 
Әу баста шаңғыны ұстап көрмеген Айдана Орынбас қазір достарының алды. Шаңғымен сырғанауды осы жарыстан үйренді. Бүгінгі бәйгеде де барын салып, үздіктер қатарынан көрінді.
 
Айдана Орынбас, Д. Қонаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы:
Бізде дене шынықтыру сабағы салауатты өмір салтын ұстануға аздық етеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай шаңғыны үйреніп алдым. Осы жерге екінші рет қатысуым.
 
Қайрат Әукен, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту жұмысының инспекторы:
Тау бөктерінде болып жатқан жарысымыз көбінесе туризм саласын көтеру мақсатында жасалады. Ауданымызда осы спортты көтеру мәселесін қолдап отырамыз.
 
Еңбекшіқазақ ауданының бес жүзге жуық оқушысы бүгін қыстың қызығына батты. Суығына тоңған жоқ керісінше, сырғанады, атпен серуендеді. Бірі аққала жасап, енді бірі шыршаның жанында өнер көрсетті.
 
Айгүл Ермахан, тілші:
Салауатты өмір салтын ұстану – өмірдің мәні. Біз де бүгін қарбалас жұмыс барысында оқушылармен бірге денемізді бір шынықтырып алдық.
 
Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде тынығушыларға қолайлы жағдай жасалған. Ең бастысы таулы жердің табиғаты көрікті, ауасы таза. Мұнда қыс бойы балалардың шаңғы теуіп, шанамен сырғануына мүмкіндік бар. Спортпен шұғылдануды осылай бастаған әуесқойлар кейін елді әлемге танытатын кәсіпқой спортшы болуы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай қысқы спорттық жарыстар алдағы уақытта жиі өткізілетін болады, - дейді ұйымдастырушылар.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу